Павлодарлық әйел вакцина салғызып, миллион теңге ұтып алды
Павлодарлық әйел вакцина салғызып, миллион теңге ұтып алды
185
оқылды

Қаланың 7 емханасында вакцина алғандар арасында 1 миллион теңге ұтыс жариялаған павлодарлық кәсіпкер ойынның қорытындысын шығарды, — деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сыйлықты облыс орталығының тұрғыны Анастасия Гринченко жеңіп алды. Жеңімпаз Айдар Құрымбаевтың Instagram парақшасында тікелей эфирде лототроннан вакцина алғандардың талондарын кездейсоқ таңдау жолымен анықталды. Кәсіпкердің өзі оған телефон арқылы қоңырау шалып, қуанышты хабарды жеткізді. Бұдан бұрын хабарланғандай, павлодарлық ресторатор және шоумен Айдар Құрымбаев өзінің Instagram парақшасында коронавирустан шаршағанын, бизнесі бір жарым жыл жұмыс істемей тұрғанын жазды. Тойларға тыйым салынған, бұқаралық мерекелер аталып өтпейді.
"Қазақстан билігі мерекелік іс-шаралар өткізуге ел тұрғындарының 60%-ы коронавирусқа қарсы вакцина алса және қоғамдық иммунитет қалыптасқан жағдайда рұқсат беруге уәде береді. Сондықтан мен 1 000 000 теңгенің ұтысын жариялаймын", — деп жазған болатын.
Конкурстың шарттары қарапайым болды: қаладағы жеті емхананың бірінде COVID-19-ға қарсы вакцина алу. Мерзімі 2021 жылдың 26 ​​маусымынан 2021 жылдың 3 шілдесіне дейін. Бұл медициналық мекемелерде вакцина жасалатын бөлмелерінің жанында қорап орнатылды. Вакцина алынғаны туралы куәлік ұсынып, сауалнама толтыру қажет керек болды. Толтырылған купон жәшікке салынды.
"Ұтыс ойыны 2021 жылдың 3 шілдесінен бастап сағат 19.00-де менің инстаграм парақшамда өтеді", — деп жазды ресторатор. Конкурс аяқталса да, ресторатордың достары басқа конкурс жариялады.
Конкурста миллион және жарты миллион теңге ойнатылады. Ұтысқа 4-10 шілде аралығында коронавирусқа қарсы вакцина алғандар қатыса алады. Шарттары бұрынғыдай болып қалды.