Қарағанды облысындағы Ұлытау ауданында төтенше жағдай жарияланды
Қарағанды облысындағы Ұлытау ауданында төтенше жағдай жарияланды
126
оқылды

Қарағанды облысы Ұлытау ауданында бірнеше күнге созылған дала өрті салдарынан төтенше жағдай жарияланды.

 Аудан әкімдігінің «Инстаграм» парақшасында жарияланған ақпаратқа сай төтенше жағдайға байланысты арнайы комиссия құрылған. Тұрғындардан сақтық шараларын ескеріп, алыс-жақын жолға шықпауға шақырған. Аудан әкімдігі тарапынан қосымша көмек көрсетілуде.

«Бұл жағдай біздің басты назарымызда», — делінген әлеуметтік желіде.