Айтыскер ақын Әселхан Қалыбекова өмірден өтті
Айтыскер ақын Әселхан Қалыбекова өмірден өтті
645
оқылды

Қазақтың арқалы айтыскер ақын қызы Әселхан Қалыбекова дүниеден озды. Бұл жайында «Адырна» порталы жариялады.

"Алаштың аяулы ақыны, асыл анамыз Əселхан Қалыбекова бұл жалғанмен қоштасып, шын өмірге аттанды. Барша қазақ еліне қайғырып көңіл айтамыз. Жаназа уақытын қосымша хабарлаймыз»,– деп жазды Біржан Байтуов өз парақшасында.

Әселхан Қалыбекова 1950 жылы 22 сәуірде Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылында дүниеге келген. Белгілі халық ақыны Ергөбек Құттыбайұлының ұрпағы. Қазақ КСРнің Халық ақыны, Қазақстан жазушылар одағының Жамбыл атындағы халықаралық сыйлығының тұңғыш лауреаты, Отырар ауданының Құрметті азаматы.
Марқұм Әселхан ақынның былтыр газетімізге берген сұхбатын осы жерден оқи аласыздар.