5 шілдеден бастап барлық турист теріс ПТР-тестін ұсынуы керек. Бұл туралы Грузия елшілігінің Facebook парақшасында жазылды.
Елшіліктің мәлімдеуінше, саяхатшылар вакцина алған, алмағанына қарамастан Грузияға кіру үшін ПТР-тестін ұсыну керек. Сондықтан ұшуға дейін 72 сағат бұрын тест жасалуы тиіс.