Алматы, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстары коронавирустың таралуы бойынша "жасыл" аймақтан "сары" аймаққа өтті.
ВАК-тың мәліметінше, бүгінгі, яғни 5 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы мынадай:
"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау және Павлодар облыстары.
⠀
"Сары" аймақта: Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары.
⠀
"Жасыл" аймақта: Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары.
Жалпы, Қазақстан "қызыл" аймақта орналасқан.