Сондықтан облыс аумағында ойын-сауық, бұқаралық мерекелік іс-шаралар, көрме, конференция, форум, отбасылық іс-шараларды (еске алу, банкет, үйлену тойы, мерейтой), оның ішінде үйде және адам көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.
Сонымен бірге, жаңа қаулыда букмекерлік кеңселердің жұмыс істеуіне тыйым салынған.
«Қоғамдық көлік, такси, әуежай, ауладағы балалар алаңдары, азық-түлік және азық-түлік емес базарлар мен басқа да қоғамдық орындарда санитариялық және дезинфекция жасау, аялдамаларда күніне кемінде екі рет, қоғамдық көлікке әрбір рейс алдында жуу және дезинфекциялау міндеттелді» делінген қаулыда.