Алматы облысында аяқасты шұғыл қонған тікұшақты тексеретін арнайы комиссия құрылды
Алматы облысында аяқасты шұғыл қонған тікұшақты тексеретін арнайы комиссия құрылды

«Q-AVIA» ЖШС-на тиесілі тіркеу нөмірі UP-EC008 Eurocopter EC 130B4 тікұшағы жерге шұғыл қонды.

«Бүгін сағат 17:40-та Алматы облысында «Q-AVIA» ЖШС-ның тіркеу нөмірі UP-EC008 Eurocopter EC 130B4 тікұшағы шұғыл жерге қонды. Әуе кемесінің бортында экипаждың 1 мүшесі және 2 жолаушы болған, зардап шеккендер жоқ. Аталған факті бойынша комиссия құрылды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру басқармасы тергеу жүргізеді» делінген министрліктің хабарламасында.

Бұған дейін Алматы маңында әскери ұшақ құлағаны туралы жазған болатынбыз.