Ақмола облысында өрт сөндірмек болған ер адам қайтыс болды
Ақмола облысында өрт сөндірмек болған ер адам қайтыс болды
132
оқылды

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, кеше Біржан сал ауданында далада өрт тұтанды. Өрт сөндірушілер жеткенше, өртті Краснофлотск ауылдық округінің жергілікті атқарушы органдары және Белағаш ауылының 6 тұрғыны ауыздықтауға тырысқан.

Округ әкімі Аман Тәшімовтің айтуынша, тұрғындар дала өртін сөндіруге өздері шыққан. Өйткені өрт Белағаш ауылына қарай 7 шақырым жерде тұтанған.

«Округ әкімінің айтуынша, өртті сөндіру кезінде кенеттен дауыл тұрып, тұрғындар қызыл жалынның қоршауында қалды. Олар дереу қауіпсіз жерге шықты. Бірақ 1984 жылғы тұрғын оттың ортасында қалды. Ер адам термиялық күйік алып, Степняк қаласындағы аудандық ауруханаға апара жатқан жолда көз жұмды» – деді департамент өкілі.

Бұған дейін дала өрті өршіген Ұлытауда 23 жастағы жігіттің денесі табылғанын  хабарлаған болатынбыз.