Алматыда жолдан өтіп бара жатқан әйелді көлік қағыа кетті.
«Байсат» базарының маңында болған жол апатының видеосы әлеуметтік желіде пайда болды.
«Жол-көлік оқиғасы 4 шілде күні түскі сағат 15:00 шамасында болды. «Mitsubishi» көлігінің жүргізушісі Солтүстік айналма көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып жолдан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол-көлік апаты салдарынан жаяу жүргінші жарақат алды», - деді Алматы қаласы ПД тергеу басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.
Аталған деректі Жетісу аудандық полиция қызметкерлері тексеріп жатыр.