Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев 81 жасқа толды
Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев 81 жасқа толды

Бүгін, 6 шілдеде Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 81 жасқа толды.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы Шамалған ауылында дүниеге келген. Ата-анасы Әбіш пен Әлжан Назарбаевтар ауыл шаруасы болған.
Нұрсұлтан Назарбаев
Елбасы сайтындағы мәліметке сүйенсек, сәбиге ат таңдаудың өзі бір хикая.  "Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: "Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын".
Отбасында Сұлтан деп аталған ұланның балалық шағы соғыстың сұрапыл жылдарына және соғыстан кейінгі ауыр кезеңге тұспа-тұс келді.

Бұл соғыстағы жеңіске миллиондаған адамды құрбан еткен алып мемлекеттің айрықша күш жұмылдырғанының арқасында қол жетті. Жарымжан күйге түскен ел үйінді арасынан шығып, енді ғана еңсесін көтерді. Жеңістен кейін бірнеше жыл өткен соң КСРО "қырғи-қабақ соғыс" деп аталған, барлық ауыртпалығы қарапайым халықтың иығына түскен жаңа мазасыз додаға қосылды.

1979 жылы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы болды. 1984 жылы ол КСРО-дағы одақтық республиканың ең жас, 44 жастағы премьері - Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы болады.

1989 жылдың көктемінде КСРО-да алғаш рет мемлекеттік биліктің жоғарғы органына балама сайлау өтті. 1989 жылы маусымда Мәскеуде КСРО Халық депутаттарының бірінші съезі өтті, онда реформалардың қажеттілігі, идеология мен экономика мәселелері қызу талқыланды. Халық депутаттарының съезі аяқталғаннан кейін Геннадий Колбин Мәскеуге жұмысқа ауыстырылды. 1989 жылы 22 маусымда Қазақ КСР Компартиясы ОК Нұрсұлтан Назарбаевты бірінші хатшы қызметіне сайлайды.
1990 жылғы 24 сәуірде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР Президенті лауазымын бекітті.
Нұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев Жоғарғы Кеңестің сессиясында Қазақстан тарихындағы Тұңғыш Президент болып сайланады. 1991 жылғы 1 желтоқсанда республика президентінің алғашқы бүкілхалықтық сайлауы өтті, онда Назарбаев халық қолдауына ие болды.
1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР-ін Қазақстан Республикасы деп атау туралы заң шығарды және Қазақстан Президентін ұлықтау рәсімін өткізді. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Республиканың мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады. Нұрсұлтан Назарбаев Президент болды.
2019 жылы 19 наурызда Нұрсұлтан Назарбаев өз өкілеттігін тоқтатқанын мәлімдеген еді. Бұл туралы Президент республикалық телеарналар эфирінде қазақстандықтарға жолдаған Үндеуінде айтқан.

"Қымбатты қазақстандықтар, отандастар, әріптестер. Бүгін мен өзім үшін қиын шешім қабылдадым - Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін өзіме қосу", - деп мәлімдеген еді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сол уақытта сенат төрағасы болған Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мемлекет басшысының міндетін атқаратыны белгілі болды. Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік кеңесі төрағасы және "Нұр Отан" партиясының төрағасы болып қала берді.