Ұзақ өмір сүру үшін не істеу керек?
Ұзақ өмір сүру үшін не істеу керек?
904
оқылды

Дәрігер Александр Мясников ұзақ өмір сүрудің ең тиімді әрі оңай тәсілін айтты

Риа Новостидің жазуынша, сарапшы спорттық жаттығулар адамға кез келген жаста қажет екенін атап өтті. Онкология сынды ауыр сырқаты бар жандар да үнемі жаттығуға мән беруі керек.

"Қатерлі ісік диагнозы қойылған науқас төсек тартып жатса да, жаттығу жасағаны жөн. Сол кезде біршама ұзақ өмір сүретін болады", — дейді дәрігер.

Мясников бұл үшін фитнес-клубтарға абонемент сатып алып, көп қаражат жұмсау міндетті емес деп отыр.

"Лифттен бас тартыңыз! Бір жерге бару керек болса, жаяу жүріңіз! Күніне кем дегенде, 5 шақырым жаяу жүрген абзал. Отырғаннан гөрі көбірек тұруға тырысу керек", - деді маман.