Шымкентте Dombyra party өтті
Шымкентте Dombyra party өтті
151
оқылды

Домбыра жүздеген жылдар бойы қазақтың қуанышы мен қайғысының да куәгері болған аспап. Биыл Қазақстанда домбыра күні төртінші рет атап өтілуде.

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай және «Ұлттық домбыра» күні қарсаңында Шымкент қаласындағы ??? ???? жастары мен «Қаратау» дәстүрлі өнер мектебінің ұйымдастыруымен Dombyra party іс-шарасы өтті. Ұмытыла бастаған игі дәстүрді қайтадан сәнге айналдырып, ұлттық музыканы, қазақтың төл аспабын насихаттап, ұлттық өнерді паш ету мақсатында ұйымдастырылған іс-шарада кәсіпқой күйшілер өнер көрсетті.

Ұлттық аспаптар арқылы шырқалып, күмбірлеп төгілген әсем күйлер қала тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Арайлым МҰРАТБЕК