Бүгін ауа райы қандай болады?
Бүгін ауа райы қандай болады?
©.kazinform.kz/
126
оқылды

7 шілдеде еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен құбылмалы ауа райы сақталып, жауын-шашын болуы мүмкін. Солтүстік-батыста, солтүстікте қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай соғып, бұршаққа ұласуы мүмкін. Ал оңтүстікте, оңтүстік-батыста қатты екпінді жел, шаңды дауылға ұласпақ.

«Қазгидрометтің» мәліметінше, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, түнде Павлодар облыстарының кей жерлерінде қатты жел соғып, арты дауылға ұласады. Қостанай облысында желдің екпіні 25 м/с күшейеді. Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей аймағы толассыз желдің кесірінен шаңды дауылға айналады. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл болады.
Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел  күшейіп, найзағай соғып, арты дауылға айналуы мүмкін. Күндіз Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарында күннің ыстығы сақталады. Тіпті, Маңғыстау, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды, Қостанай облыстарының оңтүстігінде күндіз аптаған ыстық әлі жалғасады. Сондықтан еліміздің кейбір аймақтарында өрт қаупі әлі де сақталады.