Камчаткадағы ұшақ апаты: алты адамның денесі табылды (видео)
Камчаткадағы ұшақ апаты: алты адамның денесі табылды (видео)
200
оқылды

Камчаткадағы Палана ауылының маңындағы ұшақ апатынан қаза тапқан алты адамның денесі табылды. Бұл жайында жергілікті Төтенше жағдайлар қызметі хабарлады.

Ұшақ құтқарушылар жету қиын жерге құлаған. Олар апат орнына жол талғамайтын көлікпен, содан кейін жаяу жүріп барған. [embed]https://www.youtube.com/watch?v=rcgBp3VL7ys&feature=emb_imp_woyt[/embed]

Ресми мәліметке сәйкес, 6 шілде күні Камчатка өңірінде Петропавловск-Камчатский қаласынан Палана ауылына ұшып шыққан Ан-26 жолаушылар ұшағы радардан жоғалып кеткен. Ал ұшақпен байланыс Палана әуежайынан 10 шақырым жерде үзілген. Кейін әуе кемесінің сынықтары табылды. Ұшақ бортында 22 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі болған. Олардың ешбірі аман қалмаған.

Бүгін Камчаткада ұшақ апатына байланысты аза тұту күні жарияланды. Құтқарушылар іздестіру жұмыстарын ауа райының қолайсыздығын ескере отырып жүзеге асыруда. Желіде ұшақ апаты болған жерден видео жарияланды. Ресей Федерациясының тергеу комитеті ұшу қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Агенттік ұшақтың апатқа ұшырауының үш нұсқасын қарастырады: ауа райының қолайсыздығы, әуе кемесінің техникалық ақауынан және ұшу барысындағы қателік. Ұшақ апатынан қаза тапқандардың туыстары әрқайсысы 2 миллион рубльден, ал әуежайдан тағы 1 миллион рубльден сақтандыру төлемін алады.