Соңғы бір айда абаттандырылған тұрғын үйді алып-сату бағасы – 1,2, жаңа тұрғын үйді сату 0,9 пайызға өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 0,3 пайыз жоғары болды.
Былтыр желтоқсанмен салыстырғанда маусымда жаңа тұрғын үйді сату – 9,2, абаттандырылған тұрғын үйді алып сату – 14,7, абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 7,4 пайызға көтерілген.
Жаңа тұрғын үйлер былтырға қарағанда 9,6 пайызға қымбаттап, шаршы метрі 338 450 теңгеге жетті.
Абаттандырылған тұрғын үйді алып-сату құны 22,3 пайызға көтеріліп, шаршы метрі 267 364 теңгені, абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 10,9 пайыза артып, шаршы метрі 1 764 теңге болды.