«Аш түйелерден анықталды» – Аралда жұқпалы ауру тарап жатыр
«Аш түйелерден анықталды» – Аралда жұқпалы ауру тарап жатыр
Фото: agripo.by
336
оқылды

Облыстық Ветеринария басқармасының мәліметінше, бұл некробактериоз ауруының салдары болуы мүмкін.

Әзірге мамандар осындай диагноз қойып отыр. Нақты себебі қосымша сараптамадан кейін анықталады. Ауру түйелерге екпе салынды. Аса қауіпті ауру түрі болмағандықтан, шаруаларға өтемақы төленбейді. Әзірге мамандар 13 бас түйенің табаны түскенін айтады. Бұл жұқпалы ауру соңғы рет 90-жылдары тіркелген екен.

Облыстық Ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Әнуарбек Дәрмағанбетов: «Ауру арық, қыстан жүдеп шыққан, жем-шөп жетіспеген малдан анықталып отыр. Бұл табаннан табанға түйеден жұғады. Адамға жұқпайды. Бұдан мал өлмейді. Емдесе, жазылып кетуі мүмкін», – деді.

Біз бұған дейін Аралда төтенше жағдай жарияланғанын жазған болатынбыз.