Астанада перзентханадағы әйелдер сәбиімен еденде жатыр
Астанада перзентханадағы әйелдер сәбиімен еденде жатыр
Фото: tengrinews.kz
244
оқылды

Босанған әйелдерге жағдай жасаудың орнына дәрігерлер ақылы бөлмелерді ұсынудан алдына жан салмай жүрген көрінеді. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Әлеуметтік желіде тараған фото Нұр-Сұлтандағы №1 перинаталды ауруханада түсірілген. Жағдайы жоқ жерде аналар бөпесін емізіп отыр. Шағым айтқан ананың сөзінше, тегін палаталар бола тұра, перзентханадағылар 10 мың теңге шамасындағы ақылы палатаға ауысуды ұсынған. Бірақ әйел одан бас тартыпты. Қаланың Денсаулық сақтау басқармасы бұл жағдайға ауруханада орынның жетіспеуі себеп болды дейді. Елордадағы үш перзентхананың қазір екеуінде ғана аналар босанып жатыр, ал біреуі коронавирусқа шалдыққан әйелдерді қабылдайды. Бір жағынан, жыл өткен сайын өмірге келіп жатқан нәрестелердің де саны екі есеге артқан. Проблеманы шешу үшін жаңа перзентхана салынады. Ал кеше босанған аналарға берілген матрастар халықаралық ұйым бекіткен талапқа сай дейді.

Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Әйгерім Ардаққызы: «Денсаулық сақтау ұйымы өзі ұсынған арнайы матраста жатқызылды. Коронавируспен ауырмаған, дені сау болашақ аналарды біз тек екі акушерлік блокта қабылдаймыз. Бұл – үлкен жүктеме. Төсек-орын жүктемесін алғанда, медициналық қызметкерлерге де артылып отырған жұмыс жүктемесі өте үлкен. Қазір 250 төсек-орындық №1 көпбейінді қалалық аурухана базасында салу жоспарда бар. Әзірге нақты мерзімі белгісіз», – деді.