Алматы тауларында бір қыз жоғалып кетті, деп хабарлайды tengrinews.kz.
Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Іле- Алатауында жоғалып кеткен қызды іздеп жатыр.
Республикалық жедел-құтқару жасағына жоғалған қыз туралы ақпарат 7 шілде күні түсті. Анасының айтуынша, ол тауға 5 шілдеде кеткен. Куәгерлер оны соңғы рет Үлкен Алматы көлінің маңында көрген. Қыздың телефоны үйде қалған.
«Бүгін республикалық жедел-құтқару жасағының 5 адамнан тұратын жеке құрамы іздеу-құтқару жұмысын бастап кетті. Құтқарушылар екі топқа бөлінді. Біреуі - Алматы-Алагир асуына қарай, екінші топ Советтер шыңы жаққа қарай бет алды. Сонымен қатар, олар гидрология стансасының жоғары жағындағы орманды да қарап шығады», - деп хабарлады Республикалық жедел-құтқару жасағының баспасөз қызметі.