Маңғыстауда коронавирустың қайта өршуіне байланысты шектеулер күшейтілді
Маңғыстауда коронавирустың қайта өршуіне байланысты шектеулер күшейтілді
©azattyq-ruhy
123
оқылды

Бүгін Маңғыстау облысында жаңа қаулы күшіне еніп, қалааралық автобустардың қозғалысына тыйым салынды.

Ал Атыраудағы сауда үйлері, ойын-сауық орталықтары мен қоғамдық тамақтану орындары демалыс күндері жабық болады. Коронавирусқа қарсы екпе алмағандардың жұмысқа кіруіне шектеу қойылған.

Маңғыстау облысында соңғы тәулікте коронавирустан үш адам қайтыс болды. 104 адамнан вирус анықталды. Ал бүгін жаңа қаулы күшіне енді. Құжатқа сәйкес, спорт кешені, сауықтыру орындары мен фитнес орталықтардың сенбі-жексенбі күні жұмыс істеуіне тыйым салынған. Адам көп жиналатын шараларды бұрынғысынша өткізуге рұқсат жоқ. Мониторинг топ осы бағытта тексеру жұмысын күшейтті. Қоғамдық тамақтану орындары кешкі 8-ге дейін жұмыс істейді. Онда да 30 адамнан артық жиналуға рұқсат жоқ.

Аймақтың бас санитар дәрігері аурудан арылудың жалғыз жолы – вакцина екенін тағы бір еске салды.