Ер адам бассейнге батып, мерт болды
Ер адам бассейнге батып, мерт болды
©http://saraichikhotel.kz/
177
оқылды

Алматы облысында ер адам бассейнге батып, мерт болды.

Қайғылы жағдай жекеменшік демалыс орындардың бірінде болған.

«7 шілде күні сағат 18:30-да Алматы облысы Ескелді ауданындағы “Тау Жетісу”демалыс аймағындағы бассейнде шамамен 27-30 жас аралығындағы ер адам суға батып кетті. Денесі бассейннің түбінен, 1.8 метр тереңдіктен табылды. Мүрдені демалыс аймағының жұмысшылары судан шығарды»,- делінген Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарламасында.

Ведомоство өкілдері азаматтардан судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.