1980 жылы туған азаматшаның жоғалғаны туралы қыздың анасы хабарлаған. Оны ең соңғы рет Үлкен Алматы көлінің маңында көрген.
Республикалық жедел-құтқару жасағының жеке құрамынан 5 адамы бар жедел топ дереу іздестіру-құтқару жұмыстарына шықты. Құтқарушылар екі топқа бөлініп, қызды іздеп жатыр. Біреуі Алматы Алагир асуына қарай бет алды. Екінші "Совет" шыңына қарай.
Сондай-ақ гидробекеттің үстіндегі орман тексеріледі. Төтенше жағдайлар қызметінен тағы 30 адам мен жеті техника қосымша жіберілгенін, сондай-ақ ұшқышсыз ұшу аппараттарының көмегімен іздестіру жалғасып жатқанын айтты.