Алматы тауларында бір адам жоғалып кетті
Алматы тауларында бір адам жоғалып кетті
139
оқылды

1980 жылы туған азаматшаның жоғалғаны туралы қыздың анасы хабарлаған. Оны ең соңғы рет Үлкен Алматы көлінің маңында көрген.

Республикалық жедел-құтқару жасағының жеке құрамынан 5 адамы бар жедел топ дереу іздестіру-құтқару жұмыстарына шықты. Құтқарушылар екі топқа бөлініп, қызды іздеп жатыр. Біреуі Алматы Алагир асуына қарай бет алды. Екінші "Совет" шыңына қарай.

Сондай-ақ гидробекеттің үстіндегі орман тексеріледі. Төтенше жағдайлар қызметінен тағы 30 адам мен жеті техника қосымша жіберілгенін, сондай-ақ ұшқышсыз ұшу аппараттарының көмегімен іздестіру жалғасып жатқанын айтты.