Атыраулық полицейлер мемлекетаралық іздеуде жүрген 45 жастағы Ресей азаматын ұстады
Атыраулық полицейлер мемлекетаралық іздеуде жүрген 45 жастағы Ресей азаматын ұстады
261
оқылды

Атырауда Ресей Федерациясының мемлекетаралық іздеуде болған 45 жастағы азаматы ұсталды. Ол Көші-қон полициясы қызметкерлерінің "Заңсыз келушілер-2021" жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде анықталды.

2021 жылдың мамыр айынан Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 157-бабы 1-бөлігі (ата-ананың сот шешімі бойынша кәмелетке толмаған балаларды, сондай-ақ он сегіз жасқа толған мүгедек балаларды ұстауға қаражат төлеуден қасақана жалтаруы), мемлекетаралық іздеуде болған. Қазіргі уақытта ұсталған ер адам шекара қызметіне тапсырылды. – Жедел іс-шара кезінде полицейлер құрылыс объектісінде болды. Береке ықшамауданында Өзбекстан Республикасының 52 азаматы құжатсыз еңбек қызметін заңсыз жүзеге асыратыны анықталды. Шетелдік азаматтар Атырау қаласы Полиция басқармасының қабылдау-тарату орнына орналастырылды, – деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.