Дәрігерлер Алматы тауларынан табылған қыздың жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Алматы қаласы қоғамдық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, құтқарушылар Әлия Камиеваны №7 қалалық клиникалық ауруханасына жеткізген.
"Реанимация залында дәрігерлердің мультидисциплинарлық бригадасы қызды шұғыл қарап, барлық қажетті зертханалық-диагностикалық, аспаптық тексеру әдістері жүргізілді. Ауруханаға түскен кездегі қыздың жағдайы ауыр болды", - деді басқарма өкілі.
Қазір қыз одан әрі емдеу және бақылау үшін жансақтау, анестезиология және қарқынды терапия бөліміне жатқызылған. Әлия Камиева 5 шілдеде таңертең БАО ауданына телефонсыз шығып, жоғалып кеткен болатын