Алматы облысында әйелдердің агро-кәсіпкерлігін қолдау нәтижелерінің таныстырылымы өтті
Алматы облысында әйелдердің агро-кәсіпкерлігін қолдау нәтижелерінің таныстырылымы өтті
©А.Мұрзанов
236
оқылды

Еңбекшіқазақ ауданының Жергілікті қоғамдастықтар қоры (ЖҚҚ) өкілдерінің пікірінше ауылдық жерлерде әртүрлі себептермен жұмысқа орналаса алмай жүрген немесе ісін дамытуға қаржы сала алмай жүрген әйелдерге ерекше назар аудару қажет екен. Себебі, төтеннен келген пандемия Еуропалық Комиссияның гендерлік мәселелері есебінде аталып жүрген онсыз да өмірдің барлық салаларында бар әйелдер мен ерлер арасындағы теңсіздікті күшейте түскен.

[caption id="attachment_150427" align="alignnone" width="945"]агро-кәсіпкер ©А.Мұрзанов[/caption] Осыған байланысты ЖҚҚ күшті де тәжірибелі «Шелек Фермерлері» кооперативі арқылы фермер-әйелдерді сату арналарына шығару үшін барлық қолайлы мүмкіндіктерді іздеу мақсатында  ресурстарды біріктіру жобасына бастамашылық етті. Жеке учаскелері бар әйелдерге қосымша табыс ретінде қызанақ өсіру ұсынылып, осылайша, 2020 жылдың наурыз айында Жергілікті қоғамдастықтар қоры жобаны 520 мың теңгеге қаржыландыра отырып, тұқым, тамшылатып суару құралдары, шымтезек және көшет өсіруге арналған кассеталар секілді заттарды сатып алып, 10 қатысушының ашық жерде қызанақты сәтті өсіруіне жағдай жасады. Оның үстіне қатысушыларға бизнестерін жыл мезгіліне тәуелді етпейтін  жылыжайлар қамтамасыз етілді. Нәтижесінде, 2020 жылы жоба қатысушылары өздері үшін жақсы қосымша табыс көзі болған жалпы сомасы 1 899 060 теңгеге өнім сатты. Осы жылы «Шелек Фермерлері» АӨК жаңа бағытты таңдап, көкөністер мен жемістерді кептіру ісін дамытуды ұйғарды. [caption id="attachment_150428" align="alignnone" width="945"]агро-кәсіпкер ©А.Мұрзанов[/caption] «Өздігінен кептіру ісі тек жоғары сапалы тауарларды ,ең алдымен, кептірілген бұрыш пен қызанақты сатуға мүмкіндік береді. Кептірілген көкөністер мен жемістердегі көтерме және бөлшек сауда бизнесі тиімді болады, себебі, бұл кооператив фермерлерін  сатып алушы супермаркеттердің  талаптарына сәйкес келмеген көкөністердің бір бөлігін тастау қажеттілігінен құтқарады. Ауыл әйелдері үшін көкөністер, жидектер мен жемістер секілді өнімдер маусымында нарық бағасына қарағанда бірнеше есе төмен бағамен қолжетімді болады. Сондықтан, біздің басты мақсатымыз фермерлердің тұрақты дамуы және олардың табысты болуын көздеу болғандықтан, біз олардың осы мүмкіндікті пайдаланып, өз бизнесін дамытуда жаңа бағыт алғанын қалаймыз. Сондықтан әйел-фермерлердің күйеулерінің табысына байланып отырмай, жобаға қатысуын қолдау  мен  олардың  ісін жүргізуге себеп болу да өзіндік мәнге ие гендерлік саясат болмақ", - деді «Еңбекшіқазақ ауданының жергілікті қауымдастықтар қорының» атқарушы директоры Бақытгүл Елшібаева. [caption id="attachment_150429" align="alignnone" width="945"] width= ©А.Мұрзанов[/caption] Агробизнес орталығындағы (АБО) жаңа бағыт перспективасының айқындығы үшін Шелек ауылында дайын өнімді дегидратациялауға, майдалауға және орауға арналған жабдық орнатылды. АБО жанындағы жылыжайларды шикізатпен қамтамасыз ету үшін қызанақ пен бұрыш отырғызылып, өсіріліп жатыр. Кептірілген көкөністер – оралған шағын пакеттердегі өнімді білдіретін болғандықтан осы мақсаттар үшін дайын өнімді екі жылға дейін сақтауға мүмкіндік беретін вакуумдық орауыш сатып алынды. [caption id="attachment_150430" align="alignnone" width="945"] width= ©А.Мұрзанов[/caption] «Ұлттық тағамдардың ерекшелігі – көптеген тағамдарды дайындау кезінде паприка мен кептірілген ащы бұрышты қолдану. Уақыт өте келе кептірілген жидектер мен басқа да көкөністерді қосу арқылы өнімдердің түр жинағын көбейтуге болады. Оның үстіне бұндай өнімдер жаңа піскен көкөністерден, жемістер мен жидектерге қарағанда ұзақ уақыт сақталып,  жақсы көрініп тұратын болады.  Менің ойымша,  қызанақты өсіру бойынша ЖҚҚ жобасынан алған табысымды одан әрі арттыруға болады.  Жалпы алғанда, егіншіліктің қыр-сырына, тамшылатып суару әдісіне үйреткен және өсірілген өнімді өткізуге көмектескен «Шелек фермерлері» АӨК мүшелеріне  айтар алғысым шексіз.  Оның үстіне менде бұрынғыға қарағанда сапалы өмір сүріп,  жаңа мақсаттар  мен міндеттер пайда болды», – деді жоба қатысушысы Гүлбану Жасыбаева. [caption id="attachment_150431" align="alignnone" width="873"] width= ©А.Мұрзанов[/caption] «Ауылдық аймақтарды дамыту» бағдарламасы аясында ЖҚҚ фермерлер мен жеке қосалқы шаруашылықтарды жоспарлау, тұқым отырғызу кезеңінен бастап бірлесе сату мен түпкілікті пайданы алуға дейін қолдау жұмысын жүргізеді. «Ауылдық өңірлерді дамыту» бағдарламасын іске асыру жылдарында кооператив фермерлерінің саны 35-ке дейін артып, жеке шаруашылықтарда өнім өсіретін әйелдердың шамасы  43%-ды құраған болатын. Ендігі мақсат «Шелек фермерлері» АӨК арқылы «Даладан сөреге дейін» өндірістік-өткізу тізбегі әзірленіп, «Metro Cash&Carry» супермаркеттерінде және «Цинказ» ЖШС, «СД и КО» ЖШС («Үздік рецептілер»), «New Kitchen» ЖШС, «Food shop» ЖШС секілді  серіктестерде тікелей, делдалдарсыз көкөніс сату механизмін  жолға қою болмақ. Табысты 2019 жылы 16 096 437 теңге сомаға 102 тонна ауыл шаруашылығы өнімі сатылды. [caption id="attachment_150432" align="alignnone" width="1014"] width= ©А.Мұрзанов[/caption] Бағдарламаны іске асыру мен кооперативтің жұмысын жүргізуде коронавирустық пандемия мен шектеулер өз қиындықтарын көрсетпей қоймады. Мәселен, 2020 жылы кооператив жұмысы одан әрі жетілдіріліп, қосымша 12 жылыжайды салып, серіктестермен алдын ала уағдаластыққа сәйкес басым түрде қызанақтың бір сортын отырғызып, қабылдау, сұрыптау және калибрлеу, тоңазыту камерасында қажетті температураға дейін салқындату және рефрижераторда тасымалдау механизмі өңделді. Кооперативтің табысы 80 млн теңгеден асқанда және өзін-өзі өтей алады деп жоспар құрып отырғанда, карантиндік шектеулер бірқатар серіктес кәсіпорындардың уақытша жабылуына себеп болып,  өткізілетін өнімнің көлемі үштен бірге,  өткізу сомасы – 40% - дан аса сомаға дейін азайды. Кооператив фермерлері 2020 жылы өнімді тек 10 млн теңгеге ғана сата алды. Соған қарамастан, кооператив тоқтап қалмақ емес және жаңа қалыптасқан жағдайлар мен талаптарды ескере отырып, перспективалы бағыттарды дамытатын болады. [caption id="attachment_150433" align="alignnone" width="1078"] width= ©А.Мұрзанов[/caption] «Біз Жергілікті қоғамдастықтар қорының атқарған көп жылдық жемісті жұмысына ризамыз. Бүгінде 2011 жылы басталған «Ауылдық аймақтарды дамыту»  жобасы күшейіп, толыққанды бизнеске айналды дегенді нық  сеніммен айтуға болады. Біздің компания қаржы доноры болып қана қоймай, жобаның шабыттандырушысы бола отырып, жоба дамудың жаңа векторларына ие болғанын мақтан тұтады» – деді «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС корпоративтік коммуникациялар директоры Айзат Жетпісова.