Температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер болмайды.
Қар жауып, жел күшейеді: қарашаның соңғы күндеріне арналған ауа райы болжамы
9,860
оқылды

"Қазгидромет" синоптиктері қарашаның соңғы үш күніне арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.

Аптаның ортасында елдің оңтүстік-батыс бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман болып, жел күшейеді. Ал айдың соңында республиканың басым бөлігінде, бұл ретте Қазақстанның оңтүстігіндегі таулы аудандарда қатты жауын-шашын күтіледі.

Температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер болмайды.