Хабарландыру-10.07.2021
Хабарландыру-10.07.2021
©https://www.alem-edu.kz/
382
оқылды
Сатып алуды ұйымдастырушы: Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы №29 мекенжайда орналасқан Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті. (Университет) Телефон: +7(7253) 36-36-36, +7(7253) 36-36-62. Сатып алудың әдісі: Университеттің «Сатып алу және сату» Регламентінің 20-бабы ашық конкурс негізінде: а) «Университеттің №1, 2 жатақханаларын, кітапхана мен Тұран отбасылық жатақханаларының және ректорат шатырларын жөндеу жұмыстарын» сатып алу. ә) «Университеттің №1, 2 жатақханаларын, кітапхана мен Тұран отбасылық жатақханаларының және ректорат шатырларын жөндеу жұмыстарына қажетті материалдарды сатып алу. Сатып алудың нысаны болып табылатын жұмыстың басталу және аяқталу мерзімі: тараптар келісімшартқа қол қойған күннен бастап әлеуетті өтінім беруші тауарларды 50 күнтізбелік күн ішінде жеткізуі тиіс. Сатып алуға қатысу шарттары: Сатып алуға қатысуға университеттің «Сатып алу және сату» Регламентінің 10-бабына сай баға ұсыныстарымен бірге төмендегі құжаттарды ұсынуларыңызды сұраймыз: 1. Әлеуетті өнім берушінің қаржылық жағдайы туралы банктен алған анықтамасы; 2. Сатып алу нысаны болып табылатын тауарды жеткізу саласындағы тәжірибесін растайтын құжаттары; 3. Әлеуетті өнім берушінің заң талаптарына сәйкес тиісті құзыретті органдарға тіркелуі туралы анықтама; 4. Әлеуетті өнім беруші тауардың сапа сәйкестігін тексеру мақсатында олардың үлгілерін, каталогтерін немесе суреттерін өткізуі тиіс. 5. Әлеуетті өнім беруші ҚҚС төлеуші болса, сатып алынатын тауарлар бойынша ұсынған баға ұсынысының ішінде ҚҚС қарастыру керек. 6. Конкурсқа қатысуға және шарттық кепілдік ретінде конкурсқа жарияланған жалпы сомасының кем дегенде 5 пайызы (%) мөлшерінде мына есепшотқа аударылуы талап етіледі: Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ м е к е м е с і , Б С Н : 9 9 0 4 4 0 0 0 8 0 4 3 , Б С К : H S B K K Z K X , ЖСК:KZ436010291000010707, Кбе:16, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ немесе банктік кепілдік берілуге рұқсат. 7. Сатып алынатын тауарға кепілдік мерзімі 12 ай болу міндетті. Сатып алынатын «Университеттің №1, 2 жатақханаларын, кітапхана мен Тұран отбасылық жатақханаларының және ректорат шатырларын жөндеу жұмыстарының» тізімі мен келісімшарт үлгісін http://ayu.edu.kz/ сайтының хабарландыру парақшасынан немесе Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы №29В мекенжайда орналасқан Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Ректорат ғимараты, №203 кабинеттен алуға болады. Комиссия отырысы болатын күні және уақыты: 30.07.2021 сағат 15.00 Сатып алуға өтінімді өткізу орны және уақыты: Сатып алуға қатысуға баға ұсыныстары арнайы конвертке салынып, мөр басылып, хабарландыру жарияланған уақыттан бастап 20 күнтізбелік күн ішінде Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы №29В мекенжайда орналасқан Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Ректорат ғимараты, №203 кабинетте қабылданады.