N-S радиостанциясына жаңа басшы тағайындалды
N-S радиостанциясына жаңа басшы тағайындалды
275
оқылды

NUR Media холдингінің N-S радиостанциясы ұжымына жаңа басшы таныстырылды. Ол — медиаменеджер Ербол Бегімбетов.

Ербол Бегімбетов 1985 жылы туған. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің психология факультетін тәмамдаған. Медиа саласында тәжірибесі мол. Республикалық телеарналарда: «Алматы» арнасында бағдарламалық директор, Qazaqstan және «31 арна» телеарналарында медиа-талдаушы болып жұмыс істеді. Бегімбетов N-S радиосының бас директоры лауазымына тағайындалғанға дейін «Астана» телеарнасының бағдарламалық директоры болып жұмыс істеді. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген.
«Ербол Бегімбетовтің тағайындалуы N-S радиостанциясының одан әрі дамуына жаңа серпін береді», — деді NUR Media холдингі Бас директордың орынбасары Жанат Маметова.
Сонымен қатар, радионың бұрынғы басшысы Әсел Балғаеваға Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің радионы дамытуға қосқан зор үлесі мен сіңірген еңбегі жөнінде Алғыс хаты табыс етілді.