Президент Ауыл шаруашылығы министрін қызметінен босатты
Президент Ауыл шаруашылығы министрін қызметінен босатты
249
оқылды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Сапархан Кесікбайұлы Омаров Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі лауазымынан босатылды.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровқа қызметінен кетуге кеңес берді. Президент министрді ауылдықтарға жайылым үшін 29 млн. гектар жер жетпей тұрғанда, осы мұқтаждыққа қарамастан 33 млн. га. қолданусыз бос жатқанын айтып сынады. Сондай-ақ, Маңғыстау, Қызылорда облыстарындағы қуаңшылыққа қатысты қынжылыс білдірді.

Дәулет АСАУ