13 жасар оқушымен төсектес болғысы келген полицей қызметінен қуылды
13 жасар оқушымен төсектес болғысы келген полицей қызметінен қуылды
Сурет: sasint
282
оқылды

Ресейдің Тула қаласында полицей оқушы қыздың жалаңаш түскен суреттерін оның сыныптастарына таратып жіберген, деп хабарлайды newstula.ru сайты.

32 жастағы полиция капитаны Алексей Шатаев әлеуметтік желіде мектеп оқушысымен танысқан. Желіде басқа біреудің атынан жалған парақша ашып, мектеп оқушысын жалаңаш түскен суреттерін жіберуге көндіреді. Оқушы қыз келіспегендіктен, полицей қыз баланың суреттерін таратып жібереді. Полиция қызметкерінің үстінен қылмыстық іс қозғалып, ол жұмыстан босатылды.