11 шілдедегі мәлімет бойынша, Қазақстанда 4 319 897 адам COVID-19 вирусына қарсы вакцина салдырды, — деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
«Бүгінгі таңда елімізде 4 319 897 адам коронавирус вакцинасының бірінші компонентін салдырды. Екінші компонентті салдырғандар саны 2 422 378 адамға жетті», - делінген ДСМ хабарламасында.