Ақтөбелік алаяқ тендерді ұтып алуға көмектесуге уәде беріп, тұрғынның үш миллион теңгесін иемденген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе қалалық ПБ №1 қалалық полиция бөліміне Алматы қаласының 64 жастағы тұрғыны 2021 жылдың ақпан айының ортасында бейтаныс әйел тендер ұтысына көмек көрсету сылтауымен алдап, үш миллион теңге сомасындағы ақшаны иемденгені туралы өтінішпен жүгінді.
Полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар өткізу барысында Хромтау ауданының 50 жастағы тұрғынын анықтады. Күдікті әйел бұл әрекетін мойындады. ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Бүгінгі таңда екі азамат күдіктінің айла-амалдарының құрбаны болғаны анықталды. Облыс полициясы азаматтарды өте сақ болуға және алаяқтардың айла-амалдарына бойалдырмауға шақырады.