Өскеменде бірден төрт көлік соқтығысты
Өскеменде бірден төрт көлік соқтығысты
Фото: yk-news.kz
204
оқылды
Өскемендегі ЖМК ауданында ірі көлік апаты болды, деп хабарлайды YK-news.kz сайты. “Lada Priora  рөліндегі жүргізуші Сәтбаев даңғылында кептеліс кезінде жылдамдықты арттырған және айналу барысында жолда тұрған Nissan Maxima көлігімен соқтығысқан. Қатты соққы салдарынан Lada көлігі қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, Subaru Legacy және LADA Priora-мен бетпе-бет соқтығысты”, - делінген қалалық Полиция басқармасының хабарламасында. Жол апатынан зардап шеккендер бар, бірақ олар ауруханаға жатудан бас тартты. Қолайсыз ауа райы жағдайларына байланысты Полиция басқармасы автожүргізушілерге жол ережесі мен қауіпсіз жылдамдық режимін сақтауды ескертеді. [caption id="attachment_150649" align="alignnone" width="840"] width= Фото: yk-news.kz[/caption]