Мемлекет басшысы Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шиппті қабылдады
Мемлекет басшысы Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шиппті қабылдады
©www.kazinform.kz
204
оқылды

Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары сот кеңесінің төрағасына бірқатар міндет жүктеді. Бұл жайында Ақорда хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жоғары сот кеңесінің биылғы жартыжылдықта атқарған жұмысының қорытындысы мен алдағы кезеңге арналған жоспары туралы баяндалды. Сонымен қатар Президентке әкімшілік әділет соттарының кадрлармен қамтамасыз етілуі жөнінде мәлімет берілді. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Денис Шиппке сот корпусын одан әрі жаңғыртуға және сот жүйесіне мейлінше сауатты әрі құзыретті мамандарды тартуға септігін тигізуі тиіс бірқатар міндет жүктеді.