Осы күні ата-аналар балаларын ақылы қосымша сабаққа беруге мәжбүр. Сондықтан ата-аналар жаппай репетиторлар іздеуде. Жақсы деген мұғалімдерге кейде кезек бірнеше айға созылады.
Педагогтардың айтуынша, соңғы екі жылда физика, химия, математика, сондай-ақ, биология сияқты нақты ғылымдарды үйрететін репетиторларға сұраныс күрт артқан. Сондай-ақ тілдерді оқытатын мұғалімдер де сұранысқа ие. Әсіресе, қазақ тілін оқытатын мұғалімдер өте аз. Жақсы мамандарға жазылу кезекпен, жоспарлы түрде болады.Юлия Ротман 11 жылдан бері арнайы курстарда сабақ беріп келеді. Оның айтуынша, ай сайын білім беру орталығында 500-ге жуық оқушы білім алады.Бүгінгі күні репетитордың сабағы сағатына 1 мың теңгеден 12 мың теңгеге дейін. Бір пән бойынша бір айлық төлем – орта есеппен 30 мың теңге. Онлайн курстар сәл арзан. Ең қымбат әрі сұранысқа ие оқытушылар – физика, биохимия және қазақ тілі мамандары. Яғни, айына бірнеше мұғалімді жалдаса, ата-аналар бір балаға шамамен 100 мың теңге төлеуі мүмкін.
“Соңғы оқу жылында 7-8-сыныптарды оқытуға сұраныс өте жоғары болды. Яғни, математика, химия және физика пәндері бойынша. Өйткені жетінші сыныпта олар енді ғана бұл пәндерді өтіп жатыр. Көптеген ата-аналар бұл қашықтықтан білім алуға байланысты деп отыр”, – дейді білім беру орталығының директоры Юлия Ротман.