Мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға артады – Мамин
Мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға артады – Мамин
©А.Ахметқазы

Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин мемлекеттік және бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысы қандай болатынын айтты.

«Биыл бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын көтеру жоспарланған. Сол себепті біліктілік санаттарына қарай 600 мың педагогтің еңбекақысы 25 пайызға, 247 мың медицина қызметкерінің еңбекақысы 20-30 пайызға көбейетін болады. Әлеуметтік сала қызметкерлерінің жалақысы 50 пайызға ұлғаяды», — деді Асқар Мамин.
Үкімет басшысының айтуынша, соның нәтижесінде мұғалімдердің орташа айлық жалақысы — 234 мың, дәрігерлердің жалақысы — 320 мың, әлеуметтік сала қызметкерлерінің жалақысы — 180 мың және мемлекеттік қызметкерлердікі 267 мың теңгеге дейін артады.

Дәулет АСАУ