Оқу ақысын төлеу үшін 7 мыңнан астам студент кредит алған
Оқу ақысын төлеу үшін 7 мыңнан астам студент кредит алған
Фото: kazlenta.kz
635
оқылды

Ұйым несиелер бойынша кепілдік береді. Сондықтан талапкерлер мен студенттер негізгі қарыз сомасын төлеу мерзімін 10 жылға дейін ұзартып, несие ала алады.

Бұл бағдарлама мемлекеттік білім грантына ие бола алмаған талапкерлерді қолдауға арналған. Айта кетейік, биыл грант саны 5 мыңға артты. Бакалавриатқа – 56 мың, магистратураға – 13 мыңнан астам және докторантураға түсу үшін 1800-ден асты. Грантпен оқуға түсе алмағандар мемлекет кепілдігімен несие рәсімдеу арқылы оқу ақысын төлей алады.

«Білім несиесін алған студент оқуын аяқтағаннан кейін 6 айдан соң негізгі қарыз сомасын өтей бастайды. Несие сомасы шектелмеген, ең бастысы, ол оқу құнынан аспауы тиіс. Сондай-ақ түлек айыппұл санкциясынсыз қарызды мерзімінен бұрын төлей алады», – деді министрлік өкілі.

Несиені екінші деңгейлі банктер арқылы рәсімдей алады.