ІІМ-де ішкі істер органдары жұмысының қорытындысы талқыланған алқа отырысында биыл қылмыстың едәуір азайғаны жария болды.
ыс жасалды, оның 2 158 тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 8 кісі өлтіруді, 7 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 1 қарақшылық, 38 тонау және 470 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты, – деді брифинг модераторы Шұғыла Тұрлыбек. Жыл басынан бері 2 тоннаға жуық есірткі, оның ішінде 41 келі синтетикалық есірткі тәркіленген. Оларды өндіру бойынша 10 есірткі зертханасы жойылған. Ең бастысы, қылмыстар саны біршама азайыпты. – Ауыр қылмыстар, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, қарақшылық, тонау, зорлау, ұрлық, мал ұрлығы, бұзақылық саны азайған. Кәмелетке толмағандар тарапынан жасалатын қылмыстар 40 пайызға, мас күйінде жасалғандары 20 пайызға төмендеген. Қоғамдық орындарда және көшелердегі құқықбұзушылық саны үштен бірге дейін қысқарған, – деді Шұғыла Тұрлыбек. М.Жалғасұлы