Биыл қылмыс азайған
Биыл қылмыс азайған
©https://azattyq-ruhy.kz
129
оқылды

ІІМ-де ішкі істер органдары жұмысының қорытындысы талқыланған алқа отырысында биыл қылмыстың едәуір азайғаны жария болды.

ыс жасалды, оның 2 158 тәулік ішінде ашылды. Полиция қыз­меткерлері «ізін суытпай» 8 кісі өлтіруді, 7 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 1 қарақшылық, 38 тонау және 470 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты, – деді брифинг модераторы Шұғыла Тұрлыбек. Жыл басынан бері 2 тоннаға жуық есірткі, оның ішінде 41 келі синтетикалық есірткі тәркі­ленген. Оларды өндіру бойынша 10 есірткі зертханасы жойылған. Ең бастысы, қылмыстар саны біршама азайыпты. – Ауыр қылмыстар, ден­саулыққа ауыр зиян келтіру, қа­рақ­шылық, тонау, зорлау, ұрлық, мал ұрлығы, бұзақылық саны азайған. Кәмелетке толмағандар тарапынан жасалатын қылмыс­тар 40 пайызға, мас күйінде жа­сал­ғандары 20 пайызға төмен­деген. Қоғамдық орындарда және көшелердегі құқықбұзу­шылық саны үштен бірге дейін қысқарған, – деді Шұғыла Тұрлыбек. М.Жалғасұлы