Қазгидромет 13-15 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Республиканың басым бөлігінің ауа райына циклон және онымен байланысты фронтальды бөлімдер әсер ететін болады. Ауа райының құбылмалы сипаты күтілетін солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста қатты жаңбыр жауып, найзағай, бұршақ, дауыл және екпінді жел соғады. Батыста ауа температурасы түнде +12+22℃, күндіз +25+35℃, республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында ауа температурасы түнде +7+20℃, күндіз термометр +12+28℃-ді көрсетсе, елдің орталығында және шығысында ауа температурасы түнде +8+20℃, күндіз +15+28℃, Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында түнгі температура +12+23°С, күндіз +25+32°С болады.