Мемлекетаралық қатынастың жарқын үлгісі
Мемлекетаралық  қатынастың жарқын үлгісі
282
оқылды

Елбасы Қытай Халық Рес­пуб­ликасының Қазақстан­да­ғы Төтенше және өкілетті ел­­шісі Чжан Сяоны қабыл­да­ды.

Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының елшісін Қытай Коммунистік партиясының құрылғанына 100 жыл толуымен құттықтап, Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитеті бас хатшысы Си Цзиньпинге жылы лебізін жолдады.

– Бүгін Қытай Коммунистік пар­тиясының 100 жылдығы ата­лып өтілуде. Төраға Си Цзиньпинді жә­н­­е барша қытай халқын осы ай­тулы күнмен құттықтаймын. Осы жылдар ішінде Қытай Халық Республикасы алға қарай үлкен қа­дам жасады. Коммунистік пар­тия­ның жоспары Қытайдың әлі де ны­ғайып, дами беретінін көрсетіп отыр, – деді Қазақстанның Тұң­ғыш Президенті.

Елбасы Қазақстан мен Қытай ара­сындағы мәңгілік жан-жақты стра­тегиялық серіктестіктің да­муы­ның оң қарқынын атап өтті.

– Қытай Халық Республикасы әлем­дік ауқымдағы қуатты мем­лекетке айналды. Экономикасы дүниежүзі бойынша екінші орын­да және технологиялық даму дең­гейі жоғары. Кедейлікпен күрес мә­селесінде де Қытай үлкен қадам жа­сады. Мен әрдайым біздің қа­рым-қатынасымызды қолдап ке­лемін. Мәңгілік жан-жақты стра­те­гиялық серіктестік екі халықтың игі­лігі үшін жұмыс істей береді. Қа­зақстанның Қытай Халық Республикасымен ынты­мақ­тас­ты­ғы – мемлекетаралық қатынастың жарқын үлгісі, – деді Н.Назарбаев.

Өз кезегінде Қытай Халық Рес­публикасының елшісі Чжан Сяо Елбасыға құттықтауы үшін ал­ғы­сын білдіріп, 1 шілде – Қытай Ком­мунистік партиясының мүше­лері үшін ең ерекше әрі ұмытылмас күндердің бірі екенін айтты.

– Сізге байырғы әрі жақын до­сыңыз төраға Си Цзиньпиннің ең ізгі тілегі мен ыстық сәлемін жет­­­кізгім келеді. Сіздің 6 шілдеде өтетін Әлемдік саяси партиялар көш­басшыларының саммитіне қа­тысу туралы шешіміңізді жо­ғары бағалаймыз. Бұл өте маңызды оқиға. Оған Сіздің қатысуыңыз Қа­зақ­стан-Қытай қарым-қаты­насын дамытуға және Қытай Ком­мунистік партиясы мен «Nur Otan» партиясы арасындағы пар­тияаралық байланысты арттыруға серпін берері сөзсіз, – деді Қытай Халық Республикасының Төтен­ше және өкілетті елшісі.