Елордада ерекше көрме өтіп жатыр
Елордада ерекше көрме өтіп жатыр
©https://baigenews.kz/
148
оқылды

9 шілдеден бері Елбасы музейінің көпфункционалды көрме залында корей суретшісі Ли Инамның цифр­лық өнер туындыларының көрмесі өтіп жатыр. Бұл ша­ра­ны Корея Республикасы елшілігінің Корей мәдени орталығы мен Елбасы кітап­ханасы, Нұрсұлтан Назарбаев қоры бірігіп ұйым­дастырды.

Бұл ретте әлемге әйгілі корей суретшісі Пэк Намджунның мұрагері деп саналатын медиа өнер шебері Ли Инам Шығыс Азия классикалық кескіндеме­сінің әйгілі картиналарын не­гізге ала отырып, Шығыс және Батыс өнерінің үйлесімін көр­сеткен. Ол төрт жағынан үлкен мультимедиялық LED-экран­дармен жабдықталған. Классика мен заманауи кескіндемені бір мультимедиялық контентке то­ғыс­тырған тың стильдегі 50 ми­нуттық туынды Қазақстан мен Корея ынтымағының келе­шегін дәріптейді.

– Пандемияға байланысты ашылу рәсіміне қатыса алма­ғаны­ма өте өкінемін. Соған қарамастан, Қазақстанда корей классикалық кескіндемесінің танымал картиналары насихат­талып жатқаны қуантады. Осы көрмеге арнап өз туынды­ларым­ды «Жарықтың жан­дануы» тақырыбында дайын­дадым. Сол арқылы Корея мен Қазақстан арасындағы өзара қарым-қатынастардың тарихи сипатына жарық түсіргім кел­ді,– деді көрменің ашылуын­да тікелей байланыс арқылы сөз алған Ли Инам.

Айта кетсек, Корей мәдени орталығы бұл шараны Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында қолға алып отыр. Ерік ЕЛЕУСІЗ