Такси жүргізушілерін қорқытып, ақша алып отырған діни ағым өкілдері ұсталды
Такси жүргізушілерін қорқытып, ақша алып отырған діни ағым өкілдері ұсталды
Фото: ҰҚК-нен алынды
454
оқылды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, күдіктілер 5 шілде күні ұсталды.

ҰҚК Атырау облысы бойынша департаменті прокуратура және облыстық полиция департаментімен бірлесіп, ұйымдасқан қылмыстық топтың заңға қайшы әрекетін әшкереледі.   [caption id="attachment_150906" align="aligncenter" width="473"] width= Фото: ҰҚК-нен алынды[/caption]

Күдіктілер ұзақ уақыт бойы такси жүргізушілерінен («Атырау – Орал – Атырау») күш қолданамыз деп қорқытып, ақша бопсалаған. Топтың 4 белсендісі ұсталды. Олардың тұрғылықты жерінен 3 әртүрлі қару мен оқ-дәрі, сондай-ақ олардың қылмыстық әрекетін растайтын құжаттар (чектер, журналдар, банк карточкалары) табылды.

Осы факт бойынша ҚК 194-бабының 2-бөлігі (бопсалау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Топ жетекшісі тергеу изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр.