Токио-2020: дода алдындағы 10 дерек
Токио-2020: дода алдындағы 10 дерек
229
оқылды

Бүкіл әлем тағатсыздана күткен төртжылдықтың басты додасының басталуына небәрі он күн қалды. Тура он күннен кейін 23 шілдеде Жапония астанасы Токиода ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындары басталады. Қазақстан Олимпиадалық құрамасы бүгінде барлық спорт түрлерінен Олимпиада ойындарына деген дайындықтың соңғы кезеңін өткізіп жатыр. Токио Олимпиадасының он күн қалуына орай тілшіміз Olympic.kz сайтына сілтеме жасап, Қазақстан спортшылары туралы он дерек ұсынды.

 
  1. Токиоға 16 шілдеде жолға шығады
Қазақстандық делегацияның басым бөлігі екі апталық карантиннен кейін Қазақстаннан Токиоға аттанады. Команда Жапонияға 16 шілдеде Air Astana компаниясының қолдауымен ұйымдастырылған чартерлік рейспен ұшады. Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты 23 шілде күні Токио Олимпиада стадионында өтеді.  
  1. Құрама сапында 63 ер және 32 әйел бар
Қазақстан олимпиадалық құрамасы Токио төрінде 27 спорт түрінен бақ сынайды. Жапония жерінде 95 отандық атлет ел намысын қорғайды. Құрама сапында 63 ер және 32 әйел спортшы бар.  
  1. Қос атлет Ту ұстайды
Қазақстандық атақты спортшы, Лондон Олимпиадасының чемпионы, жазғы Олимпиаданың жүлделер жиынтығының толық иегері Ольга Рыпакова және бокстан ұлттық құраманың капитаны, әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев Токиода Қазақстан Олимпиада құрамасының Ту ұстаушылары ретінде таңдалды. Токио олимпиадасы
  1. «Salta» брендімен жасалған форма 
Отандық олимпиадашылар үлкен додаға қазақстандық және шетелдік мамандар арнайы дайындаған киіммен аттанады. «Salta» брендімен танымал Салтанат Баймұхамедова олимпиадалық киімнің салтанатты формасының дизайнері болды. Қазақстандық спортшыларға арналған спорттық форманы испандық Joma компаниясы жасады. Олимпиада формасын дайындауда 35 спортшыдан тұратын комиссия форманы таңдау құқығын алған және олар өздері Токиода киюге не ыңғайлы болатынын анықтады.  
  1.  Құраманың кенжесі кім?
Қазақстан Олимпиадалық құрамасы сапындағы ең жас спортшы – 19 жаста. Ол көркем гимнастика бойынша өнер көрсететін Алина Әділханова.   
  1. Қай спортшы қай күні бақ сынайды?
Дәстүр бойынша Олимпиада ойындарын дзюдо, таеквондо және ауыр атлетика сынды спорт түрлері бастап, Олимпиада медалін сарапқа салады. Сондай-ақ, 23 шілдеден бастап бірнеше спорт түрінен іріктеу кезеңдері басталады.  
  1. Жалғыз өзі жеті жолдамаға ие
Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының мақтанышы  Милад Карими бірден Олимпиаданың жеті жолдамасына қол жеткізді. Ол Токио Олимпиадасында көпсайыс, еркін жаттығу, қол тіреп секіру, қоссырық, шығыршық, керме және гимнастикалық ат снаряды бойынша жарысқа қатысады. Токио олимпиадасы
  1. Луценкоға сенім артуға бола ма?
Афинадағы Олимпия ойындарынан кейін (2004) алғаш рет Қазақстанның үш велошабандозы топтық жарыста бақ сынайды. Мұндай нәтижеге қол жеткізуге команда көшбасшысы Алексей Луценко үлкен үлес қосты. Ол Қазақстанға жалпы алғанда Азия құрлығының бірде-бір мемлекеті еншілемеген ұпайды әкелді. Тректегі велоспорт (спринт, омниум және кейрин) бойынша үш лицензия жеңіп алды. Айта кетерлігі, спорттың бұл түрі бойынша жолдама Қазақстан үшін тарихи болып есептеледі. Себебі, осы уақытқа дейін қазақстандық спортшылар аталған санат бойынша Олимпиада ойындарына қатыспаған.  
  1. Садақшылар тарихи жолдамаға қол жеткізді
Садақ атудан 20 жылдан кейін алғаш рет Қазақстаннан үш садақшы Олимпиада ойындарында командалық жарысқа қатысады. 2020 жылғы Токио Олимпиадасына жолдама ұтып алғандар қатарында садақ атудан Қазақстан командасы бар. Санжар Мұсаев, Денис Ганькин және Ильфат Абдуллин Хертогенбоста (Нидерланд) өткен әлем чемпионатында алтыншы орын иеленіп, Олимпия ойындарына жолдама жеңіп алған болатын. Сондай-ақ, спортшылар жекелей сында өнер көрсетеді.  
  1. Сегіз жыл үзілістен кейінгі оралу
Су добынан ерлер құрамасы командалық ойын түрлерінен жарысқа қатысатын қазақстандық жалғыз құрама болып отыр. Олар Олимпия ойындарына сегіз жылдан кейінгі үзілістен соң оралды.

Е. Ерқоңыр