Ауа райына байланысты 10 өңірде ескерту жарияланды
Ауа райына байланысты 10 өңірде ескерту жарияланды
Фото: elorda.info
118
оқылды

Елімізде 14-15 шілдеде нөсер жаңбыр жауады. Шығыс Қазақстан облысының таулы аудандарында өзендерде су тасуы мүмкін.

14 шілдеде Алматы облысында найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 25 м/с жетеді. Кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ертең күндіз, 15-16 шілдеде Қызылорда облысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с шаңды дауыл соғады. 14-16 шілдеде өте жоғары өрт қаупі сақталады. Ақмола облысында кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ, тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20, екпіні 23 м/с-қа жетеді. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында өте жоғары өрт қаупі сақталады. Маңғыстау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар. Шығыс Қазақстан облысының күндіз кей жерлерінде нөсер жаңбыр күтіледі. Кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл соғады. Күндіз кей жерлерде бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, күші кей жерлерде – 15-20, күндіз екпіні – 23-28 м/с болады. Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерінде күші 15-20 м/с болады деп күтіледі. Кей жерлерінде өте жоғары өрт каупі сақталады. 14-15 шілдеде Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Тәулік бойы 14, түнде 15 шілдеде кей жерлерінде қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, 14-15 шілдеде кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі. Түркістан облысының тауларында найзағай күтіледі. Кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ертең Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с. Оңтүстік-батыста өте жоғары өрт қаупі сақталады.