23 қыркүйекте Аичи және Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында қазақстандық спортшылардың жарысы жалғасады. Бұл күні Қазақстан құрамасының өкілдері жеңіл атлетика, тасжолдағы велоспорт, спорттық ату, семсерлесу, киберспорт, жүзу және спорттық гимнастикадан жүлдеге таласады. Сондай-ақ спортшыларымыз басқа да бірқатар спорт түрінен жарысқа қатысады, – деп жазды Aikyn.kz.
Olympic.kz қазақстандық спортшылардың жарыс кестесін ұсынды. Астана уақыты көрсетілген. Кестеге өзгерістер енгізілуі мүмкін.
Спорт түрі: жеңіл атлетика. Әйелдер, спорттық жүріс, жартылай марафон. Финал
Кімдер: Эльмира Калимуллина, Кристина Морозова
Уақыты: 03:30
Спорт түрі: тасжолдағы велоспорт. Ерлер, топтық жарыс. Финал
Кімдер: Алексей Луценко, Евгений Федоров, Николя Винокуров
Уақыты: 05:00
Спорт түрі: академиялық ескек есу. Ерлер, бір адамдық қайық. Іріктеу
Кім: Бапан Асханбек
Уақыты: 05:00
Спорт түрі: жағажай волейболы. Әйелдер, топтық кезең
Кімдер: Лаура Қабылбекова / Мерей Қожахмет
Уақыты: 05:00
Спорт түрі: академиялық ескек есу. Ерлер, жұптық сайыс. Іріктеу
Кімдер: Алексей Красновский, Владислав Галкин
Уақыты: 05:20
Спорт түрі: академиялық ескек есу. Әйелдер, жеңіл салмақтағы жекелей сайыс. Іріктеу
Кім: Роза Кеңес
Уақыты: 05:40
Спорт түрі: нысана көздеу. Әйелдер, 10 метрден пневматикалық тапаншамен ату. Іріктеу және командалық финал
Кімдер: Валерия Попелова, Сауле Алимбек, Нина Старова
Уақыты: 05:45
Жекелей сында финалға шыққан жағдайда: 08:30
Спорт түрі: академиялық ескек есу. Әйелдер, жеңіл салмақтағы жұптық сайыс. Іріктеу
Кімдер: Мария Чернец, Екатерина Носкова
Уақыты: 06:00
Спорт түрі: жағажай волейболы. Әйелдер, топтық кезең
Кімдер: Кристина Каримова / Екатерина Рюхова
Уақыты: 06:00
Спорт түрі: стенд ату, ерлер, скит. Іріктеу және командалық финал
Кімдер: Александр Мухамедиев, Артем Седельников, Давид Почивалов
Уақыты: 06:00
Жекелей финалға шыққан жағдайда: 12:00
Спорт түрі: стенд ату, әйелдер, скит. Іріктеу және командалық финал
Кімдер: Зоя Пискун, Әсем Орынбай, Адель Садақбаева
Уақыты: 06:00
Жекелей финалға шыққан жағдайда: 10:30
Спорт түрі: киберспорт. Gran Turismo 7. B жартылай финалы
Кім: Нұрсұлтан Сүтемгенов
Уақыты: 06:00
Спорт түрі: үстел теннисі. Аралас жұп, 1/16 финал
Кімдер: Ескендір Харки / Сарвиноз Миркадирова
Уақыты: 06:00
Спорт түрі: семсерлесу. Әйелдер, рапира. Іріктеу
Кімдер: Алена Гноева, София Актаева
Уақыты: 06:00
Спорт түрі: жүзу. Әйелдер, 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзу. Іріктеу
Кім: Софья Сподаренко
Уақыты: 06:03
Спорт түрі: академиялық ескек есу. Ерлер, рулі жоқ екі адамдық қайық (жұптық сайыс). Іріктеу
Кімдер: Владислав Яковлев, Иван Чернухин
Уақыты: 06:10
Спорт түрі: байдарка мен каноэде есу. Ерлер, 500 метр, төрттік-байдарка. Іріктеу
Кімдер: Жахонгир Жамедов, Артем Терещенко, Игорь Ряшенцев, Денис Кленин
Уақыты: 06:10
Спорт түрі: жүзу. Ерлер, 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзу. Іріктеу
Кімдер: Әділбек Мусин, Максим Сказобцов
Уақыты: 06:12
Спорт түрі: жүзу. Әйелдер, 100 метрге шалқалай жүзу. Іріктеу
Кім: Ксения Игнатова
Уақыты: 06:27
Спорт түрі: жүзу. Ерлер, 200 метрге еркін әдіспен жүзу. Іріктеу
Кімдер: Максим Клименко, Федор Диденко
Уақыты: 06:37
Спорт түрі: академиялық ескек есу. Әйелдер, рулі жоқ төрт адамдық қайық. Іріктеу
Кімдер: Валентина Волкодавова, Афина Белоногова, Тамара Первушкина, Варвара Белоногова
Уақыты: 06:40
Спорт түрі: байдарка және каноэде есу. Әйелдер, 500 метр, екілік-байдарка. Іріктеу
Кімдер: Ольга Шмелева, Татьяна Токарницкая
Уақыты: 06:40
Спорт түрі: жүзу. Аралас эстафета, 4х100 метр, кешенді жүзу. Іріктеу
Кімдер: Ксения Игнатова, Айбат Мырзамұратов, Әділбек Мусин, София Абубакирова
Уақыты: 07:14
Финалға шыққан жағдайда: 13:00. 23 қыркүйектің кешкі бағдарламасында осы жарыс түрлерінен финалдар өтеді.
Спорт түрі: семсерлесу. Ерлер, сабля. Іріктеу
Кімдер: Артем Саркисян, Нұрмұхаммед Жайлыбай
Уақыты: 07:45
Спорт түрі: гандбол. Ерлер, топтық кезең
Кімдер: Қазақстан – Иран
Уақыты: 08:30
Спорт түрі: үстел теннисі. Әйелдер, жекелей сын 1/32 финал
Кім: Сарвиноз Миркадирова
Уақыты: 08:50
Спорт түрі: спорттық гимнастика. Ерлер, командалық жарыс. Финал
Кімдер: Қазақстан құрамасы
Уақыты: 09:00
Спорт түрі: көгалдағы хоккей. Әйелдер, топтық кезең
Кімдер: Қазақстан – Қытайлық Тайбэй
Уақыты: 09:00
Спорт түрі: 3х3 баскетбол. Ерлер, топтық кезең
Кімдер: Қазақстан – Филиппин
Уақыты: 09:15
Спорт түрі: гандбол. Әйелдер, айналмалы кезең
Кімдер: Қазақстан – Гонконг
Уақыты: 09:30
Спорт түрі: байдарка мен каноэде есу. Ерлер, 500 метр, екілік-байдарка. Іріктеу
Кімдер: Бекарыс Раматулла, Дмитрий Холмогоров
Уақыты: 10:10
Спорт түрі: академиялық ескек есу. Ерлер, жеңіл салмақтағы бір адамдық қайық. Іріктеу
Кім: Артем Матусевич
Уақыты: 10:30
Спорт түрі: байдарка мен каноэде есу. Әйелдер, 500 метр, екілік-каноэ. Іріктеу
Кімдер: Мария Бровкова, Ульяна Киселева
Уақыты: 10:30
Спорт түрі: академиялық ескек есу. Ерлер, жеңіл салмақтағы жұптық сайыс. Іріктеу
Кімдер: Бауыржан Сұлтанов, Александр Афанасьев
Уақыты: 10:50
Спорт түрі: академиялық ескек есу. Әйелдер, рулі жоқ екі адамдық қайық. Іріктеу
Кімдер: Тамара Первушкина, Варвара Белоногова
Уақыты: 11:10
Спорт түрі: академиялық ескек есу. Ерлер, рулі жоқ төрт адамдық қайық. Іріктеу
Кімдер: Ярослав Мельников, Владислав Яковлев, Иван Чернухин, Тимур Фомичев
Уақыты: 11:50
Спорт түрі: су добы. Әйелдер, айналмалы кезең
Кімдер: Қазақстан – Қытай
Уақыты: 12:05
Спорт түрі: ушу-саньда. Ерлер, 70 келіге дейін. Жартылай финал
Кім: Әлижан Аблағатов
Уақыты: 14:00
Спорт түрі: ушу-саньда. Ерлер, 75 келіге дейін. Жартылай финал
Кім: Абдурашид Абдуллаев
Уақыты: 14:00
Спорт түрі: бокс. Ерлер, 80 келіге дейін. 1/8 финал
Кім: Сабыржан Аққалыков
Уақыты: 14:30
Спорт түрі: 3х3 баскетбол. Әйелдер, топтық кезең
Кімдер: Қазақстан – Қатар
Уақыты: 15:45
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
