Алматы облысында екі адам сұйықтық буымен уланып қалды
Алматы облысында екі адам сұйықтық буымен уланып қалды
Фото: inform.kz
265
оқылды
Алматы облысы Райымбек ауданында тез тұтанатын сұйықтық буымен уланған екі адам құтқарылды. Бұл туралы Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады. Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 13 шілде күні түскі сағат 12:47-де Райымбек ауданы Нарынқол ауылынан бір шақырым жерде 2008 жылдан бері жұмыс істемейтін автожанармай құю станциясының аумағында отыз тонналық бос сыйымдылықты тазалау кезінде 50 және 34 жастағы екі ер адам тез тұтанатын сұйықтық буымен уланып қалған.
«Оқиға орнына келген Алматы облысы ТЖД қызметкерлері арнайы тыныс алу аппараттармен сыйымдылыққа түсіп, ер адамдарды арқанға байлап сыртқа шығарды. Екеуі де дереу Райымбек ауданының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді. Олар жансақтау бөлімінде, орташа ауыр жағдайда жатыр»,– деп хабарлады Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен.
Қазіргі уақытта екі адамның жағдайы жақсарған.