Талдықорғанда полицейлер бесінші қабаттан секірмек болған адамды құтқарды. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап, ҚазАқпарат хабарлайды.
Талдықорған қаласының ПБ қызметкерлері өз-өзіне қол жұмсамақ болған мас адамның өмірін аман алып қалды. Куәгерлердің айтуынша, тәртіп сақшылары ер адамды ұстаған кезде оның қолында пышақ болған.
«Полицияға облыс орталығындағы үйлердің бірінде мас ер адамның пәтерден барлығын қуып шығып, балконнан секірмек болғаны туралы хабар түседі. Оқиға орнына Талдықорған қаласының ПБ ППР-нің 106-шы бортының экипажы Бауыржан Жұмасілов, Ернар Мыңбаев және АЖӘЖ инспекторы Данияр Дадобай келіп, ақпаратты растады», – деп хабарлады Талдықорған қаласы ПБ бастығы Асқар Нұрсапа.
Полиция қызметкерлері өз-өзіне қол жұмсамақ болған мас адамды аман алып қалды.
https://www.youtube.com/watch?v=PuqxP6T3sy4