Атырауда жылқы мүсінін сындырған азамат 5 тәулікке қамалды.
Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға кешкі сағат 19:50 шамасында болған. 43 жастағы азамат мас күйде жылқы мүсінін құлатқан.
[embed]https://www.youtube.com/watch?v=UUIrwV3oFDA[/embed]
«Полиция қызметкерлері Сәтбаев көшесіндегі жылқы мүсінін сындырған Орал қаласының тұрғынын ұстады. Медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, оның орта дәрежеде мас күйде екені анықталды.
Аталған азаматқа қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 434-бабының 1-бөлімімен (Ұсақ бұзақылық), 440-бабының 3-бөлімімен (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу, осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған әрекеттер) әкімшілік хаттамалар толтырылды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Сот шешімімен 43 жастағы азамат 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.