Еліміздің 9 облысында жаңбыр жауып, жел соғады
Еліміздің 9 облысында жаңбыр жауып, жел соғады
©www.inform.kz
166
оқылды

Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде жауын жауып, жел соғады. Тек батыс аймақтарда күн ашық болады.

Синоптиктердің болжамынша, мұндағы ауа температурасы күндіз 34 градусты көрсетеді. Ал орталық аймақтарда күн бұлттанып, жаңбыр жауады. Түнде термометр бағаны 12, күндіз 16 градус жылылықты көрсетеді.

Ақмола, Петропавл, Талдықорған, Таразда, Алматы мен Шығыс Қазақстан облысында да жауын-шашын күтіледі. Түркістанның таулы аймақтарында найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады. Осы орайда синоптиктер еліміздің 9 облысында дауылды ескерту жасады.